Бизнесті тіркеу

Заңды тұлғаны тіркеу – бұл Сіздің бизнесіңіздің пайда болуына және ары қарай жүргізуге қажетті бірінші қадам. Right Choice компаниясы заңды тұлғалардың кез келген түрін (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды) тіркеумен, қайта тіркеумен және қайта ұйымдастырумен байланысты кез келген қызмет түрлерін көрсетеді.

Біздің жұмысымыздың нәтижесінде Сіз ешқандай күш жұмсамай, тез және сапалы түрде тіркелген бизнесті және бізбен әзірленіп шығарылған қажетті құрылтай құжаттарын, сонымен бірге компания мөрін аласыз. Алдын ала, біз өзіміздің ықтимал клиенттерімізге келесі жайлы ақысыз толық кеңес береміз:

  • Сіздің бизнесіңізге сай келетін ұйымдық-құқықтық нысан түрін дұрыс анықтау туралы;
  • Сіздің тілектеріңізді құрылтай құжаттарына заңи сауатты түрде түсіру;
  • Компанияның жұмыс істеуіне қажетті және қаржылық тәуекелді минимизациялауды қамтамасыз етуге қажетті жарғылық капиталдың мөлшерін анықтау;
  • Атқарушы органның нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жеке механизмді әзірлеу;
  • Компанияның болашақтағы лайықты заңды мекен жайымен анықталуы.

Осы тәжірибе шегінде біз келесі қызмет түрлерін көрсетеміз:

  • Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), Акционерлік қоғам (АҚ) тіркеу;
  • ЖШС/АҚ қайта тіркеу , өзгерістер енгізу (ЖШС құрылтайшысын өзгерту, атын өзгерту, заңды мекен-жайын ауыстыру, жарғы капиталын азайту/ұлғайту, бизнес субъектісін өзгерту);
  • Микро-Кредиттік Ұйым тіркеу/қайта тіркеу ;
  • ЖШС/АҚ Филиалын/Өкілдігін тіркеу/қайта тіркеу ;
  • Кредиттік серіктестік тіркеу/қайта тіркеу;
  • Қоғамдық қор тіркеу/қайта тіркеу ;
  • ҚҚС есебіне қою.

Мүмкін Сіз іздеген боларсыз:

Толық мәлімет алу үшін мына тел. хабарласыңыздар: +7(727) 311 07 57, +7(727) 311 15 37

Қызметтестікті неден бастаған жөн?