Жылжымайтын мүлік және құрылыс

Қазіргі кезде біздің компаниямыздың жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелерді білікті заңи, қаржылық және салықтық құрылымдауға қажет күш-қуаты жеткілікті, сонымен қатар оны мемлекеттік тіркеу тәжірибеміз де жеткілікті.   Біздің заңгерлеріміз, сонымен бірге, жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелерді жасасудың рәсімін толық құқықтық алып жүреді (сатып алу-сату, ғимаратты, алаңды, құрылысты, үйді және жер телімін жалға алу және оған құқық беру), оған қоса кепілзат шарттарын және кез келген қиын мәмілелерді де.  

Осы тәжірибе шегінде біз келесі қызмет түрлерін атқарамыз:

  • Жер телімдерін қоса алғанда жылжымайтын мүлікті алу және иеліктен шығару мәмілелерін алып жүру (сатып алу-сату, жалдау, ипотека және т.б.);
  • Жылжымайтын мүлікке деген құқықты заңи сараптау;
  • Құрылыс-монтаж және жобалау-іздестіру жұмыстарымен айналысудың барлық категорияларына лицензия алу рәсімін құқықтық алып жүру;
  • Құрылыс компанияларының үшінші тұлғалармен арақатынасын құқықтық алып жүру (банктер, үлестік қатысушылар және т.б.);
  • Жер телімдерін құрылыс үшін алуды құқықтық алып жүру және сонымен байланысты сұрақтарды шешуге жәрдемдесу;
  • Жоба-смета құжаттамасын жасау туралы келісімшарттардың жобасын сараптау және жасау;
  • Құрылыс-монтаж жұмыстар өндірісін құқықтық алып жүру (ҚМЖ қатысушыларының құқытық статусын тексеру, мердігерлік/қосалқы мердігерлік шарттарының жобасын, құрылыс және толымдаушы материалдарын сатып алу-сату және т.б. келісімшарттарды сараптау және жасау);
  • Мемлекеттік комиссияның қабылдау-өткізу актісіне қол қоюды құқықтық алып жүру;
  • Құрылыс қызметі туралы сұрақтар бойынша құқықтық қорытынды дайындау;
  • Жылжымайтын мүлікке деген құқық бойынша және құрылыс қызметін атқару барысында туындайтын дауларды шешу;
  • Құрылыс компаниялардың қызметін толық заңи алып жүру (legal outsourcing).

Толық мәлімет алу үшін мына тел. хабарласыңыздар: +7(727) 311 07 57, +7(727) 311 15 37

Қызметтестікті неден бастаған жөн?