ХУДАЙБЕРДИЕВ САНЖАР БАХРАМЖАНОВИЧ

 БАС ЗАҢГЕР

БІЛІМІ:
Ташкент қ. Халықаралық Вестминстер Университеті, Өзбекістан Республикасы, «Құқық Бакалавры (LLB)» дәрежесі, «Коммерциялық құқық» факультеті (2006 ж.)
Жоғарғы оқу орындар арасындағы Ф. Джессап атындағы халықаралық жария құқық бойынша өткен жарыстардың (ойын соты) көптеген қатысушысы және жүлдегері (2004, 2005, 2006 ж.ж.), сондай-ақ, Вашингтон қаласы Колумбия аймағында өткен халықаралық жария құқық бойынша жарыстың қатысушысы (2006, 2007 ж.ж.). Айтылған жарыстағы ең үздік меморандум хатының авторы (2006 ж.).

ТӘЖІРИБЕСІ:
Right Choice командасына кірер алдында Санжар ірі Өзбекістан компанияларында заңгер мамандығы бойынша 8 жылдан артық тәжірибе алған, соның ішінде бизнес пен заң консалтингі. Худайбердиев мырза келісімге келу, корпоративтік және құқықтық консалтинг құқықтары, сауда-саттық, жарнама, медиа, ақпараттық технология заңнамалары бойынша, және де бизнесті заңи алып жүру (аутсорсинг) сұрақтары бойынша қызмет атқарады.

Өзбекістан АТ компаниясында штаттық заңгер қызмет мәзірінде Өзбекістанға жаңа мобильды әмбебап және ғаламтор банкингтік аутсорсинг АТ жобасының сызбасын өндіріп іске қосқан. Соның ішінде банк пен жабдықтаушы арасында әрекеттестіктің сызбасы, салықты оңтайландыру сызбасы, лицензия үлгісі, жария келісім шарттарды, жабдықтырушылармен келісім шарттарды және т.б. Худайбердиев мырза, сондай-ақ, ӨР Мемлекеттік байланыс комитеті беретін деректерді табыстау барысында қызмет көрсету лицензиялар алу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен тапсыру бойынша қызмет еткен.

Ірі халықаралық темекі өндіру компаниясында жұмыс істеу барысында 20-дан астам қарыз қайтару дауларына табысты қатысқан.

Мемлекеттік мұнай және газ компаниясының заң бөлімінің жетекшісінің орынбасары бола тұрып, сот дауларына қатысқан, соның ішінде салық және монополияға қарсы тұратын органдардың әрекеттері бойынша 1.5 млн. АҚШ доллар сомасына шағым жасаған, сондай-ақ, орнына қайтару еңбек дауларына табысты қатысқан.